Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Шенеунік екі жыл бойы жетім балаға арналған пәтерде тұрған

Ақмола облысында шенеунік екі жыл бойы жетім балаға арналған пәтерде тұрғаны белгілі болды, деп хабарлайды newsroom.kz.

Шенеунік екі жыл бойы жетім балаға арналған пәтерде тұрған
Фото: canva

Өңірде мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алу бойынша жетім балалардың құқықтары бұзылған. Прокурорлар тексеріс жүргізіп, жетім балаларға арналған пәтерде мемлекеттік мекеме басшысы екі жыл бойы тұрып келгенін анықтаған.

Облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлағандай, 33 бала заңсыз түрде кезектен шығарылған, ал тағы 8 бала уақтылы кезекке қойылмаған. Тіпті бір жетім балаға пәтер беруден мүлде бас тартылған.

«Аудан орталықтарының бірінде жетім балаға арналған пәтерде екі жыл бойы мемлекеттік мекеме басшысы тұрған. Қадағалау актісінің нәтижесінде пәтер қайтарылып, заңды иесіне – балаға берілді», – деп мәлімдеді прокуратура.

Қазір мамандар қалған балалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру бойынша шаралар қабылдап жатыр.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату