Арызда Трамппен бірге ішкі қауіпсіздік министрі Кристи Ноэм мен АҚШ Кеден және шекара қызметінің басшысы міндетін атқарушы Питер Флорестің де есімдері аталған. Құжатта президенттің баж салығына қатысты қабылдаған шешімдері — оның енгізілуі, өзгертілуі, ұлғаюы немесе уақытша тоқтатылуы — елдің сауда саясатын бір адамның еркіне тәуелді етіп қойғаны сынға алынған.
Талап иелері Трамптың бұл әрекеттері Конституцияның шеңберінен шығып, ел экономикасына тұрақсыздық әкеліп отырғанын алға тартады. Сонымен қатар, ол тариф саясатын өзгерту үшін төтенше жағдай режимін негізсіз жариялады деген де уәж айтылған.
Айта кетейік, бұған дейін АҚШ-тың бұрынғы қаржы министрі Джанет Йеллен де баж салығының халыққа экономикалық жағынан зиян тигізуі мүмкін екенін ескертіп, ел ішінде «түсініксіз ахуал қалыптасқанын» мәлімдеген болатын. Оның айтуынша, қазіргі саясаттың немен аяқталары белгісіз күйінде қалып отыр.