Жазба авторының сөзіне қарағанда, аурухананың еден жуушы әйелдеріне тас төсеттірген.
«Бұл — БСМП. Нақтырақ айтқанда, неврология ғимараты. Ал мына жердегі әйелдер — аурухана қызметкерлері. Оларды тас төсетуге мәжбүрлеп жатыр. Қастарында бастығы жүр», — деді ол.
Видео авторы бұл нәрсенің дұрыс емес екенін айтқан. Бірақ бастығы «Сенің жұмысың емес» депті.
«Ауыр жұмыс істетіп қойғаны дұрыс емес. Брусчатка төсеу, тас жару — құрылысшылардың жұмысы. Бұл не деген масқара? Сұрасам бастықтары «Сенің жұмысың емес» деп жауап қатты», — деді ол.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы бұл жағдайдан хабардар екенін және бұл нәрсені заң бұзу деп есептемейтіні айтқан.