Конкурсқа Ош мемлекеттік университетінің филология факультетінің және аталған оқу орны мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті арасындағы қос диплом бағдарламасы бойынша білім алып жатқан студенттер қатысты.
Поэзия конкурсында талапкерлер ұлы Абайдың, Мағжан Жұмабаевтың, Мұқағали Мақатаевтың, сондай-ақ қазіргі заманғы қырғыз ақындары Зайырбек Ажыматовтың және басқа да сөз зергерлерінің қазақ тіліне аударылған шығармаларын жатқа оқыды.ОшМУ оқытушы-профессорлық құрамы және ҚР Бас консулдығының қызметкерлері енген Қазылар алақасы қатысушыларды мәнерлеп оқу, көркемдік, сондай-ақ, дикция талаптары бойынша бағалады.
Жергілікті зиялы қауым өкілдері жыл сайын дәстүрлі негізде өткізіліп келе жатқан поэзия конкурсын бауырлас екі елдің мәдени-гуманитарлық, әдеби-шығармашылық байланыстарын арттыруға елеулі үлес қосатын маңызды шара ретінде атап өтті.
Конкурс жеңімпаздарына арнайы дипломдар мен сыйлықтар тапсырылды.
Айта кетелік, жыл сайын дәстүрлі негізде өткізілуі көзделіп отырған осынау игі іс-шараның өткізілуіне Қазақстанның Ош, Жалал-Абад, Баткен облыстарындағы Құрметті консулдары жан-жақты қолдау көрсетті.