Дональд Трамп 14 сәуірде Сальвадор президенті Наиб Букелемен кездесті. Ол осы кездесуде Зеленскийді тәжірибесіздігі үшін сынады.
Ол Зеленскийден бөлек екі тұлғаны айыптай сөйледі. Бірі — АҚШ-тың экс президенті Джо Байден, бірі — Ресей президенті Владимир Путин.
«Байденнің мұны аяқтауға (Украинадағы соғысты) мүмкіндігі болды. Зеленскийдің де мүмкіндігі болды. Бірақ Путин мұны ешқашан бастамауы керек еді», — деді Дональд Трамп.
АҚШ президенті «Үш адамның кесірінен миллиондаған адам өлді» деп те айтып қалған.