Ғылым күні аясында Сәтбаев университеті «Инженерлік және өндірістік жүйелердегі жасанды интеллект» халықаралық конференциясын өткізумен қатар Наурыз мейрамын да атап өтті.
Ғылым күні аясында Сәтбаев университеті «Инженерлік және өндірістік жүйелердегі жасанды интеллект» халықаралық конференциясын өткізумен қатар Наурыз мейрамын да атап өтті. Университет қалашығында домбыра үні күмбірлеп, ән мен би орындалды. Қазақтың тарихы мен ұлттық салт-дәстүрлері студенттерді, оқытушылар мен қонақтарды мерекелік көңіл-күйге бөлеп, көктемгі далада біріктіргендей болды.
Мереке дәстүрлі батырлардың қатысуымен өткен театрландырылған қойылымнан басталып, олар көне әдет-ғұрыптар мен отбасы құндылықтарын жаңғыртқандай болды. Қойылымнан кейін «Наурыз» әні шырқалып, университеттің танымал «Meir Band» ансамблі өнер көрсетті.
Айта кетелік, мерекелік іс-шараның айтулы оқиғасы – Сәтбаев университетінің студенті Аяжан Даниярқызының аңшы құспен бірге ұлттық аңшылық өнерді көрсетуі болды. Ол сондай- ақ сахнадан ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекке құрмет көрсетті. Ал министр ұрпақтар сабақтастығының белгісі ретінде ұлы ғалым Қаныш Сәтбаевтың 126 жылдығына орай жасалған портретін сыйға алды.