Уәдесінде тұрып, көп ұзамай әкім тұрғынның үйіне барғанымен, шағымданушы ол сәтте жұмыста болғандықтан кездесу мүмкін болмады. Дегенмен, әкім бұл жағдайға түсіністікпен қарап, әзілмен видео түсірді және кейінірек тағы бір рет келіп, мәселені жеке талқылайтынын айтты.
Арыстанбек Әбілқайырұлының мұндай ашық әрі жедел әрекеті жаңа әкімнің ерекшелігіне айналып келеді. Ол әлеуметтік желіде, әсіресе TikTok-та белсенді жұмыс істеп, тұрғындардың сұрақтарына жауап береді және түскен шағымдарға шұғыл түрде әрекет етеді.
Айта кетейік, Арыстанбек Әбілқайырұлы 2024 жылдың желтоқсанында өткен сайлау нәтижесінде Талғар қаласының әкімі болып сайланған еді.