Түрксіб аудандық соты іс материалдарын прокуратураға қайтарды. Басты себеп — куәгерлерден толық жауап алынбаған. Машрапбек Баратов қылмыстық кодекстің «кепілге алу», «бұзақылық» және «жалған терроризм туралы хабар» баптары бойынша айыпталып жатыр.
"Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 190-бабының 6-бөлігінің 4) тармағының талаптарына сәйкес, кінәсін мойындамаған жағдайда сотқа дейінгі жеделдетілген тергеу жүргізілмейді. Қылмыстық процестік кодекстің 323-бабына сәйкес сотқа дейінгі жеделдетілген іс жүргізу істері бойынша басты сот талқылауында қылмыстық іс жүргізу заңнамасының елеулі бұзушылықтары анықталған кезде сот оларды жою үшін істі прокурорға қайтарады", - дейді қалалық сот.
Судья қылмыстық істі дұрыстап тергеу үшін прокурорларға бір ай уақыт берді, ал сотталушы сотқа дейінгі тергеу изоляторында болу санкциясы өзгеріссіз қалды.
Айта кетейік, кеше Алматы әуежайында адамды кепілдікке алған Машрапбек Баратовқа қатысты екінші сот отырысы өтті. Онда қызды құтқарған Мұса Әбдірайым өзін жәбірленуші ретінде танудан бас тартып, ешкімге ешбір кінә артпайтынын айтқан.