Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Қазақстанда ҚҚС мөлшері мен шекті деңгейі анықталды

Қазақстанда қосымша құн салығының (ҚҚС) мөлшерлемесі мен шекті деңгейі белгіленді. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды newsroom.kz.

Қазақстанда ҚҚС мөлшері мен шекті деңгейі анықталды
Фото: digitalbuisness

9 сәуір күні Мәжілісте жаңа Салық кодексіне енгізілетін өзгерістер бірінші оқылымда қаралды. Баяндамамен сөз сөйлеген Серік Жұманғарин үкімет пен депутаттардың ортақ шешімге келгенін айтты.

"ҚҚС мөлшері 16 пайыз болады (қазір 12 пайыз – ред.). ҚҚС бойынша шекті деңгей 40 миллион теңге көлемінде белгіленеді. Бұл – қол жеткізілген компромисстің нәтижесі. Алайда бұл шешімнің нәтижесінде біз 160 мың жаңа салық төлеушіден айырылып, шамамен 400 миллиард теңге көлеміндегі қосымша түсімдерді жоғалтатынымызды да атап өткім келеді. Мұны не үшін айтып отырмын – біздің кәсіпкерлер үкімет пен Парламенттің осындай ымыраға дайын екенін түсінуі үшін", – деді Жұманғарин.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату