Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Қазақстанда 2026–2030 жылдарға арналған жекешелендіру жоспары әзірленіп жатыр

Наурыз айының соңында Ұлттық жекешелендіру офисі квазимемлекеттік сектор субъектілерінің алдын ала тізімін жасады. Бұл тізім жеке меншікке берілетін ұйымдарды қамтиды, деп хабарлайды newsroom.kz.

Қазақстанда 2026–2030 жылдарға арналған жекешелендіру жоспары әзірленіп жатыр
Фото: ortcom.kz

Барлығы 461 ұйым жекешелендіруге ұсынылды. Тізім Реформа жөніндегі жоғарғы кеңеске жолданады, кейін оны кешенді жекешелендіру жоспарына енгізу көзделген.

Агенттік әзірге ұйымдардың нақты атауларын жарияламады, бірақ салалар бойынша бөлініс белгілі:

  • Отын-энергетика кешені – 200,
  • Агроөнеркәсіп кешені – 147,
  • Әлеуметтік сала – 76,
  • Өнеркәсіп пен индустрия – 20,
  • БАҚ, көлік және байланыс – 14,
  • Батыс Қазақстан облысы әкімдігіне қарасты колледждер – 8,
  • Футбол клубтары – 7,
  • Қаржы нарығы – 4,
  • Түркістан облысындағы «Сарыағаш» емдеу-сауықтыру кешені – 1.

Жекешелендіруді кім шешеді?

Ұлттық жекешелендіру офисі 2024 жылдың мамырында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жанынан құрылды. Оның құрамына орталық мемлекеттік органдар, әкімдіктер мен ұлттық холдингтердің өкілдері кіреді. Бұл бастаманы президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған.

Қазіргі таңда Ұлттық офис активтер тізімінің алдын ала нұсқасын әзірлеп, оны Мемлекеттік экономиканы жаңғырту комиссиясы мен Реформа жөніндегі жоғарғы кеңестің қарауына жіберді. Ақырғы шешімді Үкімет қабылдайды.

Алдын ала тізімге қандай компаниялар енді?

Ұсынылған тізімге сәйкес, жекешелендіруді коммуналдық меншікке қарасты футбол клубтары бастайды. Бұл Астана мен Шымкент қалалары, Қарағанды, Түркістан, Маңғыстау, Атырау және Жамбыл облыстарындағы клубтарға қатысты.

Көлік пен байланыс саласында:

  • Шығыс Қазақстан облысындағы аудандық газеттер,
  • Солтүстік Қазақстан облысындағы радио-телехабар тарату ұйымдары,
  • Астана, Қызылорда, Шымкент және Семей қалаларындағы автобус парктері,
  • Астанадағы паркингтер,
  • Қызылорда, Павлодар, Түркістан және Атырау әуежайлары,
  • Байланыс қызметін ұсынатын үш мекеме жекешелендіріледі.
  • Өнеркәсіп пен индустрия саласында:

«Қазақстан инжиниринг» АҚ-ның 13 еншілес ұйымы,

Алтын өндіру және қайта өңдеу кәсіпорындары,

Қала құрылысы жобалау мекемелері ұсынылған.

Қаржы нарығында:

Алматы, Қызылорда, Талдықорғандағы микроқаржы ұйымдары,

Республикалық сақтандыру компаниясы жеке меншікке берілуі мүмкін.

Білім беру саласында:

Батыс Қазақстан облысындағы әртүрлі профильдегі колледждер.

Отын-энергетика кешенінде:

Электр энергиясын көтерме және бөлшек саудамен сату,

Жылу энергиясын өндіру және жеткізу,

Газ тасымалдау мен мұнай өңдеу кәсіпорындары.

Агроөнеркәсіпте:

145 ветеринариялық станция,

Жерге орналастыру және аралас ауыл шаруашылығы саласындағы екі республикалық кәсіпорын.

Агенттік мәліметінше, коммуналдық кәсіпорындарды жекешелендіру менеджментті жаңартуға, бюджеттен қаржылай қолдауды қысқартуға және коммуналдық қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Жекешелендіру кезінде әрбір нысан бойынша нақты талаптар қойылады.

Ірі ұлттық компаниялардың жоспарлары қандай?

Бұған дейін «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақұпов Қасым-Жомарт Тоқаевқа IPO және SPO арқылы іске асырылатын жобалар туралы баяндаған. Оның ішінде «Қазақстан темір жолы», QazaqGaz және «Самұрық-Энерго» бар.

2025 жылы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының 20%-ға дейінгі акциялары қор нарығына шығарылмақ. Мемлекеттік бақылау сақталады.

QazaqGaz компаниясының да IPO-ға шығуы екі жыл ішінде жоспарланған. Алайда ішкі нарыққа газды төмен бағамен сату салдарынан компания шығынға ұшырап отыр. Сондықтан акцияларды сату кезінде белгілі бір талаптар қойылады.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату