weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
7 сәуір, 2025 / Перизат Ілес / Әлем
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Оңтүстік Кореяда кезектен тыс президент сайлауы 3 маусымда өтуі мүмкін

Корея Республикасының билігі 3 маусымда кезектен тыс президент сайлауын өткізу мүмкіндігін қарастыруда. Бұл туралы Yonhap агенттігі мәлімдеді,- деп хабарлайды newsroom.kz

Оңтүстік Кореяда кезектен тыс президент сайлауы 3 маусымда өтуі мүмкін

Басылымның хабарлауынша, сейсенбі күні үкімет отырысында сайлауды белгілеу мәселесін талқылау жоспарланған. Дауыс беру күнін белгілеу үшін заң министрлер кабинетінің міндетті мақұлдауын талап етпесе де, уақытша демалыс күнін енгізу қажеттілігі бұл мәселені үкімет деңгейінде талқылауды өзекті етеді.

Оңтүстік Корея заңы бойынша, президент қызметінен ресми түрде кеткеннен кейін 60 күн ішінде кезектен тыс сайлау өтуі керек. 4 сәуірде Конституциялық сот Юн Сок Ёлды бірауыздан президенттік өкілеттігінен айырды, ол парламент тарапынан тағылған барлық бес айыпты қолдады. Осылайша, дауыс беру 3 маусымнан кешіктірілмей өтуі керек. Президенттің міндетін атқарушы Хан Деок Су сайлау күнін 14 сәуірге дейін белгілеуі керек. Соңғы шешім осы аптада қабылданады деп күтілуде.