Маршрут жарықтандыру, бейнебақылау, орындықтар және қоқыс жәшіктерімен жабдықталған. Сондай-ақ, тау көрінісін тамашалауға арналған шолу алаңдары қарастырылған, оларды көркейту жұмыстары 1 мамырға дейін аяқталады.
Алматының басты көрікті жерінің бірі «Көктөбе» саябағына жыл сайын 600 мыңнан астам адам келеді. Саябаққа 1620 метрлік аспалы жол арқылы да жетуге болады, онда 17 кабина қатынайды. Жол жүруге 6 минут керек, осы уақытта жолаушылар жол-жөнекей көркі көз тартатын әсем көріністі көре алады