Оның сөзінше, Ақтөбе, Атырау, Павлодар және басқа да өңірлерде жасөспірімдер қылмысы көбейген.
— «Заң және Тәртіп» қағидатын іске асыру бойынша кеңес өткіздім. Ақтөбе, Атырау, Павлодар және басқа да өңірлерде жасөспірімдер қылмысы көбейіп отыр. Профилактикалық шараларды күшейтуді, антибуллинг бағдарламаларының тиімділігін зерделеуді тапсырдым. Қоғамдық орындардағы қауіпсіздікке ерекше назар аудардым. Қауіпті учаскелерді бейнекамералармен және жарықпен жабдықтап, патрульдеуді күшейту қажет. Азаматтар өздерін қорғалған сезінуі тиіс — сөз жүзінде емес, іс жүзінде, — деп жазды прокурор.
Сонымен қатар Берік Асылов жол-көлік оқиғаларының күрт өсуі алаңдатататынын айтты: бір жылда +67%, жарақат алғандар +79%.
— Атырау, Қостанай, Актөбе, Жетісу облыстарында жағдай күрделі. Апаттардың 72%-ы трассаларда. Жүргізушілердің еңбек тәртібін бақылау, бала тасымалдау ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету тапсырылды Халықаралық сарапшылардың қатысуымен Талғар мен Рудный қалаларында қауіпсіздік мәселелерін талдайтын пилоттық жоба іске қосылады. Өңірлердің криминологиялық паспорттарын әзірлеу, уәкілетті органдармен бірлесіп мектептерде заң мәдениетін ілгерілету тапсырылды, — деп түйіндеді ҚР бас прокуроры.