Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
28 наурыз, 2025 / Перизат Ілес / Білім

“Күні-түні дайындалдым”: ҰБТ-да 140 балл жинаған жас түлек

Алматы қаласының №126 мамандандырылған лицейінде оқитын, ҰБТ-да 140 балл алған жас түлек Сәрсенбай Жанболаттан Newsroom.kz сайтының тілшісі сұхбат алды,- деп хабарлайды newsroom.kz 

“Күні-түні дайындалдым”: ҰБТ-да 140 балл жинаған жас түлек

- Жалпы ҰБТ-ға дайындық барысы қалай өтті? 

Дайындықты 10-сыныпта бастадым. Сол жылы жазда IELTS емтиханын 6,5-ке тапсырдым. Бұл ҰБТ-да маған ағылшын пәні бойынша 50 балл берді. Қаңтарда 123 балл жинадым. Осы наурызда 140 балл алдым. Өзімнің еңбегім деп санаймын. Себебі күні-түні дайындалдым. Кітапқа өте көп көңіл бөлдім. Соның арқасы деп ойлаймын. 

- Таңдаған мамандығыңыз жайында айтып өтсеңіз?

Таңдаған мамандығым- халықаралық қатынастыр. Жалпы, 8-сыныптан бастап осы сфераға қызықтым. Сол кезде мен осы аренада жұмыс істеймін деген мақсат пайда болды.

- Болашақ мектеп түлектеріне ҰБТ және мамандық таңдау бойынша қандай кеңес берер едіңіз?

Көп түлектер ата-анасының қалауымен мамандық таңдап жатады. Мұны дұрыс емес деп есептеймін. Бірінші ата-ана өз баласының не қалайтынын білуі керек. Әр бала жүрегіне жақын мамандықты таңдау керек деп ойлаймын. Дайындық бойынша түлектерге айтарым, күні-түні дайындалсын деп кеңес беремін. Меніңше дайындықты 10-сыныптан бастау керек.

- Сұхбаттасқаныңызға рақмет!

Айта кетелік, Жанболат көпбалалы отбасынан (5 бала) шыққан. Жанболат үйдің үлкені. Әкесі – көлік жүргізеді, анасы – аспазшы. Мүлде ұшаққа отырып көрмеген Жанболат бірінші рет Алматыдан - Астанаға келді. Оны мұнда ҰБТ-ға дайындайтын «Тарих мектебінің» ұжымы күтіп алып, арнайы сыйлықтарын табыстады.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату