Тергеп-тексеру барысында «ҚТЖ-ЖТ» локомотивтерге арналған мотор майларын сатып алу кезінде басқа жеткізушілерді шектеу үшін арнайы шарттар енгізгені белгілі болды. Бұл бәсекелестікті бұзып, HILL Corporation компаниясына басымдық беруге бағытталған.
Жалпы сомасы 12 млрд теңгеден асатын бұл келісімге қатысты HILL Corporation сотқа жүгінген. Алайда 2025 жылғы 11 наурыздағы Жоғарғы Сот қаулысымен БҚДА жүргізген тергеп-тексеру заңды деп танылды.
Енді бәсекелестікті бұзу фактісі бойынша заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады.