weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
26 наурыз, 2025 / Перизат Ілес / Әлем
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Армения парламенті ЕО-ға кіруінің басталуын мақұлдады

Армения парламенті «Армения Республикасының Еуропалық Одаққа қосылу процесінің басталуы туралы» заң жобасын екінші және соңғы оқылымда мақұлдады,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы News.am. сайтына сілтеме жасап.

Армения парламенті  ЕО-ға кіруінің басталуын мақұлдады
Фото: rbc.ru

64 депутат қолдап, жетеуі қарсы дауыс берді. Құжат 12 ақпанда бірінші оқылымда қолдау тапты, қаңтарда жобаны Армения үкіметі мақұлдады. Оны парламент қарауы үшін бастамашылар – «Демократиялық күштер тұғырнамасы» партиялар бірлестігі 50 мың қол жинауы қажет. Ол екі айда 60 мың жинады,- делінген мәлімдемеде.