Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Қазақстанда валюта айырбастау ережелері өзгерді

Қазақстан Ұлттық Банкі «Шетел валютасын сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін белгілеу туралы» қаулы қабылдады, деп хабарлайды newsroom.kz. Бұл туралы Ұлттық Банктің баспасөз қызметі айтты.

Қазақстанда валюта айырбастау ережелері өзгерді

Жаңа ережеге сәйкес, банк және банкке жатпайтын айырбастау пунктерінде қолма-қол шетел валютасын сату мен сатып алу бағамының айырмашылығы (спред) белгіленді:

АҚШ доллары – 7 теңге

Еуро – 10 теңге

Бұл шара азаматтарды қорғау және әлемдік қаржы нарықтарындағы құбылмалылық жағдайында айырбастау пунктеріндегі алыпсатарлық операциялардың алдын алу мақсатында енгізілді.

Егер банктер мен айырбастау орындары белгіленген шектерді сақтамаса, азаматтар Қазақстан Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына шағым түсіре алады. Бұл ретте, тиісті заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату