Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Бай америкалықтар жаппай капиталдарын шетелге шығарып жатыр

Америкалық миллионерлер елден ірі қаржыларын әкетуде. Қаржы сарапшыларының мәліметінше, ауқатты азаматтар саяси өзгерістерден қауіптеніп, Швейцария мен Ұлыбритания банктерінде есепшоттар ашып жатыр, деп хабарлайды newsroom.kz порталы Frankmedia-ға сілтеме жасап.

Бай америкалықтар жаппай капиталдарын шетелге шығарып жатыр

Лондондағы London and Capital компаниясының басқарушы директоры Роберт Пол жағдайдың ауқымын атап өтті:

"Соңғы үш-төрт аптада біз $40 млн, $30 млн, $30 млн, $100 млн және $50 млн көлеміндегі бес ірі транзакцияны тіркедік."

Клиенттер қаржыларын америкалық брокерлік есепшоттардан Швейцария, Джерси және Гернси банктеріне аудара бастады. Бұған негізгі себеп — АҚШ-та ақша қозғалысын бақылау шаралары күшеюі мүмкін деген алаңдаушылық.

Henley & Partners компаниясының басқарушы директоры Джуди Галст:

"Клиенттеріміздің төрттен бірі капиталдарын АҚШ-тан шығару мәселесіне қызығушылық танытып отыр."

Оның айтуынша, швейцариялық банк қызметкері соңғы екі аптада америкалықтар үшін 12 жаңа есепшот ашылғанын мәлімдеген.

Сарапшылар бұл үрдісті экономикалық саясаттағы белгісіздікпен байланыстырады. Халықаралық рейтингтік агенттіктер АҚШ экономикасының өсу қарқынына қатысты болжамдарын төмендетіп отыр. Федералдық резерв жүйесі экономикалық өсім көрсеткішін 2,1%-дан 1,7%-ға дейін қысқартты.

Экономистердің пікірінше, бұл әрекеттер болашақтағы қаржылық шектеулерден сақтанудың бір амалы болуы мүмкін.

"Демократиялық партияны қолдайтын демеушілер қаржылық дискриминациядан қауіптенуде", дейді Prime Purchase агенттігінің директоры Олли Маршалл.

Кейбір инвесторлар инвестициялық көші-қон стратегиясын қарастырып жатыр. Олар Жаңа Зеландиядан виза алу, Швейцария немесе Лихтенштейнде есепшот ашу мүмкіндіктерін зерттеуде. Дегенмен, сарапшылар АҚШ-та капитал қозғалысын шектеудің қатаң шаралары енгізілуі екіталай екенін айтады.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату