Батыс Қазақстанда тағы да белгісіз дрон сынықтары табылды
Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданында белгісіз ұшқышсыз ұшу аппаратының (дрон) сынықтары табылды, деп хабарлайды newsroom.kz өңірлік полиция департаментіне сілтеме жасап.
"Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті уәкілетті қызметтермен бірлесіп, Жәнібек ауданында ұшқышсыз ұшу аппаратына ұқсас заттардың табылуына байланысты тексеру шараларын жүргізіп жатыр", – деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі.
Полицияның хабарлауынша, табылған нысан елді мекендерден алыс, шалғай жерде анықталған. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.
Айта кетейік, бұған дейін облысқа қарасты Тасқала ауданына да белгісіз пилотсыз ұшақ құлағанын хабарлаған едік.