Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Қостанай облысының екі ауданында жолдарды су шайып кетті

Қостанай облысының екі ауданында көктемгі тасқын салдарынан жолдарға зақым келді. Жангелдин ауданының Торғай – Ақкөл бағытындағы автожолын қар суы жырып өтті. Ал Амангелді ауданындағы Үрпек – Қабырға жолдарын қызыл су шайып кетті, деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі.

Қостанай облысының екі ауданында жолдарды су шайып кетті
Видеодан кадр (Торғай-Ақкөл)

Жергілікті билік әзірге ресми ақпарат таратпағанымен, тұрғындар әлеуметтік желіде су басқан жолдардың видеосын жариялады. Олардың айтуынша, бұл жыл сайын қайталанатын жағдай.

"Асфальт болмағандықтан көктем сайын жолдарды су жырып кетеді. Бір жылдары тіпті жолды 30 жерден жырып, халық ауыз су тасуға да қиналған еді", – дейді тұрғын Арман Ғабдымәжитов.

Жангелдин ауданында жолдың бұзылу және су басу қаупі жоғары ауылдардағы жүкті әйелдер мен 1 жасқа дейінгі балалары бар аналар аудандық ауруханаға көшіріліп жатыр. Қазіргі уақытта аталған аудандар облыстық ТЖ қызметінің бақылауында. Өзендердің су деңгейін тексеру жұмыстары жалғасуда.

Ыидеодан кадр (Үрпек-Қабырға)

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату