Басылымның хабарлауынша, ата-анаға тұңғыш сәбиінің дүниеге келуі үшін 10 мың юань (шамамен 125 мың рубль) көлемінде бір реттік жәрдемақы беріледі. Екінші балаға бес жасқа толғанша жылына 10 мың юань, үшінші балаға он жасқа толғанша төленеді. Бұл сомалар жергілікті тұрғындардың орташа табысынан айтарлықтай асып түседі.
Сонымен қатар, провинцияда «Анаға бір стақан сүт» бағдарламасы іске қосылды. Наурыздың 1-нен кейін босанатын әйелдер күн сайын тегін сүт алатын болады.
Қытайда үшінші жыл қатарынан халық санының төмендеуі байқалады. 2024 жылы некелердің саны рекордтық 20%-ға қысқарды. Сарапшылар демографиялық дағдарысты 1980-2015 жылдар аралығында қолданыста болған бір бала саясатының салдарымен, сондай-ақ урбанизация мен бала тәрбиесіне кететін жоғары шығындармен байланыстырады.