Сәтқалиевтің орнына "QazaqGaz" ұлттық компаниясының басшысы Санжар Жәркешов Энергетика министрі қызметіне келеді деп болжануда.
Алмасадам Сәтқалиев қазақстандық саяси қайраткер, экономист, 2023 жылғы сәуірден Энергетика министрі. 2021–2023 жылдары аралығында ол Самұрық-Қазынатөрағасы болды.
Өз мансабын ол 1992 жылғы тамызда «ТаССат» ЖШС директоры ретінде бастады.
• 1997-2001 жылдары «ҚазТрансОйл» ұлттық компаниясының менеджері, департамент бастығы, басқарушы директоры, вице-президенті болып жұмыс істеді.
• 2001-2006 жылдары «KEGOC» АҚ қаржы директоры, вице-президенті, бірінші вице-президенті болды.
• 2006-2007 жылдары «KEGOC» АҚ бойынша топ жетекшісі, «Самұрық» АҚ электро-энергетикалық активтерді басқару жөніндегі директоры болып жұмыс істеді.
• 2007-2011 жылдары «KEGOC» электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания» АҚ тұңғыш вице-президенті, президенті, басқарма төрағасы, президенті болды.
• 2011-2012 жылдары «Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры қызметін атқарды.
• 2012-2018 жылдары — «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы.
• 2018-2021 жылдары «KazEnergy» ЗТБ төрағасының орынбасары, «Самұрық-Қазына» АҚ активтерді басқару бойынша басқарушы директоры қызметтерін атқарды.
• 2021 жылғы наурыздан 2023 жылғы сәуірге дейін — «Самұрық-Энерго» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы.
• 2023 жылдың 4 сәуірінен бері — Қазақстан Республикасының энергетика министрі.
Сондай-ақ, Санжар Жаркешов 2022 жылғы наурыздан бастап «QazaqGaz» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы.
• 2019-2020 жылдары Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі
• 2020-2022 жылдары Украинаның «Нафтогаз» КЕАҚ барлау және кен орындарын игеру бөлімінің бастығы.
Әлемнің 17 мемлекетінде жұмыс істеген 11 жылдық халықаралық, өндірістік және басқарушылық тәжірибесі бар.