Мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын талқылап, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайтуға қос тараптың да бейіл екенін растады.
Екі ел арасындағы қарым-қатынасқа тың серпін беру үшін Финляндия Президенті биыл қазан айында Қазақстанға сапармен келуге дайын екенін жеткізді.
Тараптар орнықты дамуды қамтамасыз ету, жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздікті ілгерілету мақсатында көпжақты ұйымдар аясындағы күш-жігерді үйлестірудің маңызын атап өтті.