Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

«EL ARNA» екінші рет өз жұмыс тоқтатпақ

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «EL ARNA» және «Хабар» телеарналарын біріктіру туралы стратегиялық шешім қабылданғанын айтты деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі.

«EL ARNA» екінші рет өз жұмыс тоқтатпақ
Ашық дереккөзден

“Бұл қадам, ең алдымен, отандық телекомпаниялардың жұмыс тиімділігін арттыруға және қазақстандық контент аудиториясын кеңейтуге бағытталған”, деді министр өз сөзінде.

Бұл өзгеріс 2025 жылдың 1 мамырына дейін жүзеге асады. Нәтижесінде, «EL ARNA»-ның барлық құнды контенті «Хабар» арнасының эфиріне көшіріледі.

«EL ARNA» телеарнасының орны қандай?

«EL ARNA» телеарнасы көркем және деректі фильмдер, сериалдар, мәдени-ағартушылық бағдарламалар көрсететін маңызды платформа болды. Отандық телевизия мен ұлттық кинематографияның дамуына қосқан үлесі зор.

Министрлік «EL ARNA» ұжымына көпжылдық еңбектері үшін алғыс білдіріп, қайта ұйымдастыру барысында барлық қызметкерлер «Хабар» агенттігінде жұмысын жалғастыратынынмәлімдеді. Қызметкерлердің жалақысы сақталады, әрі олардың тәжірибесі мен білімі жаңа жобаларда кәдеге жаратылады.

Қайта ұйымдастырудың негізгі мақсаты 

«EL ARNA» телеарнасының бюджеті «24KZ» және «Хабар» арналарын дамытуға бағытталады. Бұл шара техникалық базаны жаңартуға, сапалы контентті арттыруға мүмкіндік бермек.

«EL ARNA» телеарнасының тарихы

2000 жылы 22 наурызда «Хабар-2» атауымен алғашқы ұлттық мемлекеттік тілдегі арна ретінде құрылды.  

2002 жылы атауы «EL ARNA» болып өзгеріп, екі тілде хабар тарата бастады.  

2014 жылы арнаның орнына «24KZ» жаңалықтар арнасы іске қосылды.

2017 жылы «EL ARNA» қайта жанданып, отандық киноарна ретінде жұмысын жалғастырды.

2024 жылы «EL ARNA» жастарға арналған ойын-сауық арнасы ретінде қайта құрылымдалды.

2025 жылдан бастап «EL ARNA» телеарнасының үздік жобалары «Хабар» арнасының құрамында жалғасын табады.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату