"Бұл — жалпы жұмыспен қамтылған халықтың 48,3%-ы. Олардың 3,4 миллионы жалданып істесе, 940 мыңы өзін өзі жұмыспен қамтыған"- делінген Ұлттық статистика бюросының мәліметінде.
Барлық жұмыспен қамтылған әйелдердің:
• 20%-ы білім беру саласында;
• 19,6%-ы көтерме және бөлшек саудада;
• 9,7%-ы ауыл шаруашылығында;
• 9,6%-ы денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету саласында;
• 7,8%-ы өнеркәсіпте;
• 1,6%-ы ақпарат және байланыс саласында жұмыс істеді.
Айта кетелік, бюро мәліметінше, Қазақстанда 10 381 377әйел адам бар, бұл еліміздегі жалпы халық санының 51,1%.Соңғы он жылда әйелдер саны 15,2% өсті:
• Әйелдердің 64,4% қалаларда, 35,6% – ауылдық жерлерде тұрады.
• Әйелдер саны бойынша өңірлер арасында Алматы алда келеді – 1,2 млн әйел. Екінші орында Түркістан облысы – 1 млн әйел, ал үшінші орында 803 мың аруы бар Астана.