Бұл туралы бейнематериал әлеуметтік желіде таралды. Бейнематериалды адамның аяғын қырқып кеткені анық көрініп тұр. Осыған байланысты ҚТЖ темір жол маңында жол жүру ережелерін қатаң сақтауды ұсынды.
2025 жылдың қаңтар-ақпан айларында темір жолда 10 адамды басып кеткен, олардың төртеуі мас болған. Ал 2024 жылы осындай 75 оқиға орын алыпты.
Оқиғалардың негізгі себептері:
- Теміржол арқылы өту ережелерін бұзу
- Мас күйде жүру
- Құлаққапты пайдалану
- Теміржол маңында немқұрайлылық таныту
- Суицид
Жалпы зардап шеккендердің 23-і мас болған.