Концерттің бағдарламасы қазақтың классикалық музыкалық мұрасына толы. Кеште филармонияның дәстүрлі солистері, Мәдениет қайраткері Ержан Әлімбетов, Мәдениет саласының үздігі Мақпал Қазыбекқызы және халықаралық байқаулардың лауреаттары Біржан Бәзілжан мен Жанқожа Аяпов өнер көрсетті.
Бағдарлама шымылдығы Құрманғазының «Балқаймақ» күйімен ашылып, барша өнер сүйер қауымды рухтандырып, ерекше әсер берді.
Дәстүрлі орындаушылар кешіндегі басты ерекшелік-келген көпшілікпен тығыз байланысып, аудиториямен еркін форматта қазақтың төл өнері ән мен күйін насихаттау.