weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

АҚШ-тан Отанына жеті өзбек азаматы депортацияланды

АҚШ Коста-Рикаға депортациялауды жоспарлаған жеті Өзбекстан азаматы Нью-Йорктен Ташкентке жеткізілді, деп хабарлайды newsroom.kz порталы gazeta.uz сайтына сілтеме жасап.

АҚШ-тан Отанына жеті өзбек азаматы депортацияланды

Америка Құрама Штаттары соңғы апталарда Азия елдерінен, соның ішінде Өзбекстаннан Панама мен Коста-Рикаға жүздеген мигранттарды тасымалдайтын бірнеше депортация рейсін жасады.

Өзбекстан Сыртқы істер министрлігі отандастардың депортациялануы туралы хабарларға түсініктеме бере отырып, өз азаматтарының АҚШ-тан аман-есен оралуы мәселесі бойынша АҚШ және Латын Америкасы елдерінің билік органдарымен байланыста екенін мәлімдеді.