weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
6 ақпан, 2025 / Аман ШАМАР / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Атырау көшелерінде полицейлер біреулерді ұстап жатыр

Атырау облысы полиция департаменті есіркі қылмыстарының алдын алу және жолын кесу бағытындағы жұмыстарды ұдайы жүргізіп келеді.

Атырау көшелерінде полицейлер біреулерді ұстап жатыр
Фото: ашық дереккөз

Жыл басталған бір айдың өзінде есірткі қылмысына байланысты 15 құқық бұзушылық, оның  ішінде 10 қылмыс тіркелді. Бұл туралы AtyrauPress хабарлады. Заңсыз айналымнан жалпы салмағы 11 келіге жуық есірткі заты, оның ішінде ауыр есірткі санатына жататын 1 келі 400 грамм болатын синтетикалық есірткі тәркіленді. Облыс көлемінде жүргізілген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде  есірткінің фитозертханасын ұйымдастырған Атырау қаласының тұрғыны анықталып, ұсталды. Одан 14 түп сора өсімдігі тәркіленіп, қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. 

Сонымен қатар, әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау бойынша жүргізілген жұмыс нәтижесімен есірткілік мас күйде автокөлік жүргізген екі тұлға анықталды.  

Сондай-ақ, жыл басынан бері есірткі тасымалдаушылар анықталды, оның 1-уі  Ақтөбе қаласынан келген.

Қала аумағында 10-нан астам есірткі сайттарын жарнамалайтын граффити жазбалары анықталып, жойылды. Қала аумағындағы барлық жарнамалар мен күдік тудырған QR-кодтар да ұдайы тексерілуде. Күнделікті жүргізілген ғаламтор жүйесіндегі мониторинг арқылы есірткі жарнамалайтын 50 сайт анықталып, ІІМ-не бұғаттауға жолданды. 

Жастар мен жасөспірімдер арасында нашақорлықтың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау бағытында жыл басынан бері облыс аумағында нашақорлыққа қарсы 74 нысаналы шаралар өткізілді, оның ішінде лекциялар, дөңгелек үстел, семинарлар,  акциялар, мәдени-спорттық және басқа да шаралар жергілікті атқарушы органдар мен білім беру ұйымдарымен бірлесіп  ұйымдастырылды.

Бұл бағыттағы жұмыстар Департамент басшылығының бақылауында және одан әрі жалғасуда.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→