Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Қазақстан Түркияға ет экспорттауды жоспарлауда

Қазақстан Түркияға ет жеткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы мәлімдеді,- деп хабарлайды newsroom.kz

Қазақстан Түркияға ет экспорттауды жоспарлауда
Фото: kapital.kz

Ресми өкіл өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар айналымының көлемі шамамен 285 миллион долларды құрағанын хабарлады.

"Экспорттың негізгі тауарлары - дәнді және бұршақ дақылдары. Түркиядан келетін негізгі импорт - көкөністер, жемістер, жаңғақ және басқа да дақылдар", - деді Ермек Кенжеханұлы Сенат отырысында.

Сонымен қатар, оның айтуынша, Қазақстан Түркияға ет экспорттауды жоспарлап отыр.

"Қазір біз ет және ет өнімдерінің экспортын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдап жатырмыз. Соның аясында Түркияның ветеринарлық қызметімен тиісті жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ Түркияға ет және ет өнімдерін экспорттауға ниетті кәсіпорындармен де келісіп жатырмыз", - деп қосты вице-министр.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату