Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
14 ақпан, 2025 / Перизат Ілес / Мәдениет

Домбыраның құлағында ойнайтын жапон жігіті жайлы білесіз бе?

Әлеуметтік желіде жапон азаматы Акира Такегучидің қазақтың ұлттық аспабы домбыраны тартқан бейнежазба тарады,- деп хабарлайды newsroom.kz

Домбыраның құлағында ойнайтын жапон жігіті жайлы білесіз бе?
Фото: SN.kz

Оның репертуарында атақты  «Адай», «Сарыарқа», «Балбырауын», «Көңіл толқыны», «Ерке сылқым» күйлері бар. 

Мәліметтеге сүйенсек, Жапон азаматы Акираны домбырамен таныстырған досы ноғай диаспорасының өкілі Ақденіз Ербаш.

Ол өз сұхбаттарының бірінде олар Акира Түркияға келгісі келгенде достасып кеткенін айтты.

«Мен Акира туралы алғаш интернет арқылы білдім. Оның өнеріне тәнті болдым. Кейін Акира Түркияға келгісі келетінін айтты. Мен оны Анкараға шақырдым. Сөйтіп менің үйіме жапон досым келді. Сосын алдымен төр үйде  қабырғада ілулі тұрған домбыраны көрді. Ол музыкалық аспапқа қызығушылық танытты. Мен оған қалай ойнау керектігін көрсеттім. Осы кездесуден кейін Акира домбыраға қатты қызыға бастады»,- деді ол.

Музыканттың өзі домбыраны тұтас бір философия деп есептейді. Ол домбыраның тек екі ішекті болғанымен, олар адамның кез келген сезімдері мен табиғат дыбыстарын беруге болатынын, олардың беретін бай музыкалық палитрасы осындай екенін атап өтеді.

«Музыка – жан азығы. Жапонияда жұмыспен қамту деңгейі күн санап қарқын алып келеді. Сол себепті  адамдардың рухани жетілуге уақыты аз. Күнделікті күйбең тірлікте жапондықтар өмірдің осылай жалғасып жатқанын байқамайды. Мен өзімді табу үшін әлемді аралай бастадым. Маған Түркия ұнады. Осы жерден музыкалық білімімді жетілдіре отырып, домбыраны таптым. Қазақтың ұлттық аспабы қарапайым. Мен аспапта ойнауды тез үйреніп, Таксим алаңында өнер көрсете бастадым. Онда мен сияқты музыканттар көп. Бірақ олардың ешқайсысы домбыра шертпейді. Бұл алаңда домбыра мені ерекше етті, - дейді домбырашы Акира Такегучи.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату