weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
12 ақпан, 2025 / Арайна Арайқызы / Қаржы
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстанның қарызы 86,7 трлн теңгені құрайды

Қазақстан Ұлттық банкі 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша елдің сыртқы қарызының алдын ала есебін жариялады

Қазақстанның қарызы 86,7 трлн теңгені құрайды
Ulysmedia

Бұл туралы 11 ақпанда Ұлттық банктің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Newsroom.kz тілшісі Zakon.kz ақпаратына сілтеме жасап. 

Бұған дейін Ұлттық банк статистикалық ақпаратты жариялау кестесіне сәйкес, есепті тоқсан аяқталғаннан кейін 90 күн ішінде сыртқы қарыз бойынша есепті деректерді жариялап келген. Енді осы деректерге қосымша ретінде Қазақстан Республикасының сыртқы қарызының алдын ала бағасы да жарияланатын болады.

Ұлттық банктің деректеріне сәйкес, 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының сыртқы қарызы 165 630 000 000 долларды құрады, оның ішінде:

- 91 658 000 000 шот тікелей инвестицияға (компанияаралық қарыз);

- 45 513 000 000 – басқа салалар бойынша;

- 13 265 000 000 – банк қарыздары;

- 12 724 000 000 – мемлекеттік органдардың қарыздары;

- 2 470 000 000 – Қазақстан Ұлттық Банкінің қарызы.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→