Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Порнографиялық Telegram-арнаға 10 мың оқушы тіркелген

Петропавлда мектеп оқушыларының әдепсіз суреттері таралған Telegram арнасы анықталды

Порнографиялық Telegram-арнаға 10 мың оқушы тіркелген
Уральская неделя

Петропавл қаласының тұрғындары Telegram мессенджерінде мектеп және колледж оқушыларының әдепсіз суреттері мен видеолары жарияланған арнаның таралуына алаңдаушылық білдірді. Бұл туралы Newsroom.kz тілшісі Tengrinews.kz мақаласына сілтеме жасап хабарлайды. 

Өткен аптада қалада шамамен 10 мың жазылушысы бар Telegram арнасының сілтемелері тұрғындар мен жасөспірімдер арасында мессенджерлер арқылы тарала бастаған. Әр бірнеше минут сайын онда әртүрлі мектеп оқушыларының аты-жөні, жеке мәліметтері мен әшкерелейтін фото-видеолары жарияланып отырған.

Жарияланған материалдарда алкоголь мен тыйым салынған заттарды қолдану, темекі шегу, жыныстық қатынастар және басқа да әдепсіз әрекеттер көрсетілген. Кейбір жазбалар анық порнографиялық сипатта болған.

Арнаны кім жүргізді?

Белгілі болғандай, арнаға кез келген адам кіре алған. Оның әкімшісі оқушылардың өздері жолдаған фотолар мен ақпараттарды еш сүзгіден өткізбей жариялап отырған. Бұл жағдай полиция назарына іліккеннен кейін арнаға қолжетімділік жабылды.

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, әлеуметтік желілерді бақылау барысында аталған Telegram арнасы анықталған. Осыған байланысты барлық мектептер мен колледждерде профилактикалық жұмыстар күшейтіліп, Петропавл қаласының білім бөлімі полиция департаментіне тиісті шара қолдану туралы ресми хат жолдаған.

“Қазіргі таңда Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментімен бірлесіп, арнаны толығымен жабу және оны ұйымдастырған адамдарды жауапқа тарту мәселесі қарастырылып жатыр”, – деп хабарлады білім басқармасының өкілдері.

Ата-аналарға қандай кеңес берілді?

Білім басқармасының басшылығы ата-аналардан балаларының интернеттегі белсенділігін бақылауды және олар кіретін сайттарға мұқият болуды сұрады.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті бұл оқиға бойынша тексеру жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

“Петропавл мектеп оқушылары туралы әдепсіз мәліметтер таралған Telegram арнасының анықталуына байланысты тергеу амалдары жүргізілуде. Біз ата-аналар мен қоғамның алаңдаушылығын түсінеміз және балалардың құқықтары мен қадір-қасиетін қорғау үшін барлық қажетті шараларды қабылдаймыз. Балалардың қауіпсіздігі – біздің басты міндеттеріміздің бірі”, – деп хабарлады полиция өкілдері.

Бұл жағдайдан кейін ата-аналар балалардың психологиялық жағдайына алаңдап отыр. Олардың айтуынша, мұндай кибербуллинг тек тікелей құрбандарға ғана емес, арнадағы мазмұнды кездейсоқ көрген жасөспірімдерге де кері әсерін тигізуі мүмкін.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары кінәлілерді анықтау жұмыстарын жалғастыруда.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату