Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

COVID-19 адамзат санын азайту үшін жасалған ба?

Ухандық ғалым COVID-19 адамзат санын азайту үшін жасалған деп жазды jambylinfo.kz порталы

COVID-19 адамзат санын азайту үшін жасалған ба?
slaynews.com

Оның айтуынша, бұл зерттеулерге қаржы АҚШ салық төлеушілерінің есебінен бөлінген.

Қытайдың Ухань вирусология институтының жетекші ғалымы сенсациялық мәлімдеме жасап, АҚШ салық төлеушілері қаржыландырған қытай зертханасы COVID-19-ды «халық санын азайту мақсатында биологиялық қару ретінде» жасағанын айтты, деп хабарлайды, - Jambylinfo.kz ақпараттық порталы slaynews.com-ға сілтеме жасап. 

Соңғы мәліметтерге сәйкес, АҚШ-тың Халықаралық даму агенттігі (USAID) Ухань вирусология институтында COVID-19-ды биологиялық қару ретінде жасауға қаржы бөлген. Бұл вирустың халық санын азайту үшін әдейі жасалғаны туралы мәлімдемені уханьдық ғалым Чао Шан да растады. Ол Asian News International (ANI) тілшісі Дженнифер Зэнге берген сұхбатында осы туралы айтты.

«Шанның айтуынша, 2019 жылы Ухань вирусология институтындағы оның әріптестері коронавирус штамының адам мен жануарларға таралуының ең тиімді түрін зерттеумен айналысқан. Ол сондай-ақ зерттеушілерге вирусты жаппай қырып-жою қаруы ретінде жасау жөнінде бұйрық берілгенін мәлімдеді. Бұдан бөлек, Шан 2019 жылғы Уханьда өткен Әлемдік әскери ойындар кезінде бірнеше әріптесінің кенеттен жоғалып кеткенін айтты. Кейінірек олардың бірі спортшылар орналасқан қонақүйлерге «денсаулық пен гигиена шарттарын тексеру» үшін жіберілгенін мойындаған. Алайда Шан олардың нақты миссиясы вирусты тарату болған деп күдіктенеді», – делінген жарияланған материалда.

Шанның айтуынша, 2020 жылдың сәуірінде оны Синьцзянға жіберіп, сол жақтағы «қайта тәрбиелеу» лагерлерінде отырған ұйғырлардың денсаулығын зерттеуді тапсырған. Сонымен қатар, ол вирустың таралу әдістерін ойлап тауып, оның адам ағзасына әсерін бақылау жөнінде нұсқау алған.

Ғалым өзінің берген мәліметтері пандемияның шығу тегінің тек бір бөлігін ғана көрсететінін атап өтті. Ол сондай-ақ АҚШ-тың Ұлттық аллергия және инфекциялық аурулар институты (NIAID), оны доктор Энтони Фаучи басқарған кезде, Ухань зертханасында қауіпті зерттеулерді қаржыландырғанын айтты.

COVID-19 таралғаннан кейін ғалымдар Фаучиге вирустың зертханадан таралу мүмкіндігі туралы күдіктерін білдірген, алайда олардың көбісі кейіннен NIAID-тан грант алған соң өз пікірлерін өзгерткен.

Бұған дейін Илон Маск АҚШ Үкіметінің тиімділік департаментінің (DOGE) басшысы ретінде USAID қаражаты Ухань зертханасына COVID-19-ды биологиялық қару ретінде жасау үшін жіберілгенін мәлімдеген. Масктың айтуынша, USAID халыққа қарсы қолданылуы мүмкін басқа да вирустардың жасалуын қаржыландырған.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату