Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

“Денсаулық аздап сыр бере бастағандай болды”: Асқар Мырзахметов

Мемлекет және қоғам қайраткері Асқар Мырзахметов Айғақ ТВ арнасына сұхбат берді,- деп хабарлайды newsroom.kz

“Денсаулық аздап сыр бере бастағандай болды”: Асқар Мырзахметов
Фото: видеодан кадр

Қоғам қайраткері қазіргі таңда жеке бастың шаруасымен айналысып жүргенін айтты. 

Жалпы мемлекеттік қызметті 20 жылдан астам істеп, Жамбылдан кеткен кезде ұсыныстар болды. Сол кезде шешім қабылдап, кішкене жеке бастың шаруасымен айналысу керек сияқты болды. Мемлекеттік қызметті мемлекеттің мүддесін ойлап, қызмет атқаратын болсаң, шынын айтқан кезде қызығатын жұмыс емес. Жеке өмірің болмайды. 7 күн 24 сағат демекші, шынында да солай жұмыс істеуге тырыстық. Сондықтан 20 жылдан аса уақыт, ол да аз уақыт емес. Денсаулықта аздап сыр бере бастағандай болды. Осының бәрін ескере келе, өз шаруаларыммен айналысып, денсаулығыма қарайын деген шешім қабылдадым. Бүгінгі таңда жеке бастың шаруасы, отбасылық шаруамен айналысып, өзіме қарап жатқан жағдайым бар деді,- Асқар Мырзахметов.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату