Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Тарихи сәт: Фристайл-акробатикадағы алғашқы алтын медаль

Алматы қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында отандасымыз Дінмұхаммед Райымқұл фристайл-акробатикадан әлем чемпионы атанды. Бұл туралы Newsroom Olympic.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Тарихи сәт: Фристайл-акробатикадағы алғашқы алтын медаль
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі

Спортшымыз ақтық кезеңде 104.52 ұпай жинап, айқын жеңіске жетті. Ал күміс жүлдені 101.79 ұпай жинаған қытайлық спортшы Юйхэн Ян иеленсе, үшінші орынға оның отандасы  Чжичен Ян 94.82 ұпаймен жайғасты. 

Дінмұхаммед Райымқұлдың жүлдесі қазақ спортының тарихындағы алғашқы алтын медаль. Бұған дейін фристайл-акробатикадан жасөспірімдер арасында алтын медаль болмаған.