Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Талғардың тумасы Әділет министрі болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы Әділет министрі болып Конституциялық Соттың экс-судьясы Ерлан Жақсылықұлы Сарсембаев тағайындалды.

Талғардың тумасы Әділет министрі болып тағайындалды

Ол 1975 жылы Қазақ КСР-інің Алматы облысы, Талғар ауданы, Октябрь ауылында дүниеге келген. Сарсембаев Алматы энергетика және байланыс институтында радиоинженер мамандығы бойынша білім алды, кейін Д.А. Қонаев атындағы гуманитарлық университетте заңгер мамандығын меңгерді. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген.

Еңбек жолын 1998 жылы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің Аппаратына қарасты Халықаралық әскери ынтымақтастық департаментінде бастаған. Әр жылдары Премьер-Министр Кеңсесінде, Парламент Сенатының Аппаратында жауапты қызметтер атқарды. Сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментінде басшылық лауазымдарда болды. 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Конституциялық Соттың судьясы қызметін атқарған.

Ол бірқатар мемлекеттік және ведомстволық наградаларға ие. Атап айтқанда, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісімен марапатталған, сонымен қатар Жоғарғы Сот, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қорғаныс министрлігі мен Төтенше жағдайлар министрлігінің мерейтойлық және өзге де марапаттарын иеленген.