Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
27 желтоқсан, 2024 / Перизат Ілес / Білім

Satbayev University-де біріңғай уақыт белдеуі талқыланды

Satbayev University-де «Бірыңғай уақыт белдеуі: ғылыми аспектілер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті,- деп хабарлайды newsroom.kz

Satbayev University-де біріңғай уақыт белдеуі талқыланды

Қатысушылар биологиялық ырғақты үйлестіру, өмір сапасын жақсарту және елдегі экономикалық процестерді оңтайландыру үшін табиғи уақытқа оралудың маңыздылығын атап өтті.

Модератор ретінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек сөз сөйледі, ол өзінің кіріспе сөзінде уақытты басқару – бұл ұлт экономикасы мен денсаулығына әсер ететін және тұрмыстық ыңғайлылық шеңберінен шығатын негізгі элемент екенін атап өтті.

Уақыт белдеуін өзгерту мәселесіне қатысты көзқарастар әртүрлі, ал біздің міндетіміз – осы мәселені ғылыми деректер мен халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, объективті түрде қарастыру. Мұндай жағдайда күнделікті өмір салтын дұрыс құра алған елдер жетістікке жетті, - деді министр.


Уақыт мәселесі Қазақстандағы әрбір адамға әсер етеді, өйткені бұл тек тұрмысқа ғана емес, сонымен қатар денсаулыққа, жұмыс өнімділігіне және тұрғындарының әл-ауқатына да қатысты. Алайда бұл мәселенің негізі елді бірыңғай логистикалық және әкімшілік жүйеге біріктіруден де тереңде жатыр.

Сонау 1930 жылдан бастап Қазақстан Кеңес Одағының құрамдас бөлігі ретінде сол кездегі бір сағатқа алға жылжыған «декреттік уақыт» бойынша өмір сүріп келеді, оған жыл сайынғы «жазғы уақытқа» ауысу үрдісі тағы қосылды. Соның салдарынан тұрғындар «десинхроноз» жағдайына ұшырады – яғни адамның тіршілік ету режимі мен табиғи күн циклі арасындағы үйлесімдік жойылды. Ал қазіргі уақыт белдеуін өзгертуге бағытталған реформа осы теңсіздікті түзетуге бағытталған.

Әлемдік жетекші ғалымдардың пікірінше, табиғи уақытқа көшу халықтың денсаулығын жақсартып, әлеуметтік шығындарды азайтады және елдің тұрақты дамуына ықпал етеді. Хронобиология саласы бойынша 2017 жылғы Нобель сыйлығының лауреаттары Джеффри Холл, Майкл Розбаш және Майкл Янг адамның циркадиялық ырғақтары ұйқыны, гормондық фонды, ағзадағы зат алмасуды және басқа да маңызды процестерді реттеуде шешуші рөл атқаратынын дәлелдеп берді.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату