Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
26 желтоқсан, 2024 / Перизат Ілес / Жаңалықтар

Қазақстанда болған ірі әуе апаттары жайлы не білеміз?

1974-2024 жылдардағы әлемдегі ең ірі ұшақ апаттарының тізімінде Қазақстан да бар. Қазақстанда адам көп қаза тапқан әуе апаттары желтоқсан-қаңтар айында болған,- деп хабарлайды newsroom.kz

Қазақстанда болған ірі әуе апаттары жайлы не білеміз?
Фото:

Ми-8 ұшағының апаты

2009 жылы 8 қыркүйекте Қазақстанның ҰҚК Шекара қызметінің "Оңтүстік" өңірлік басқармасының "Арлан" барлау-іздеу тобының Ми-8 ұшағы қазақ-өзбек шекарасының маңындағы Өгем шатқалында апатқа ұшыраған.

Тікұшақта экипажды қоса есептегенде 13 адам болған. Ми-8 тікұшағының апатынан 10 адам қаза болды, қалған үшеуі ауыр жараланған.

АН-72 ұшағының апаты

2012 жылы 25 желтоқсан күні Астанадан Шымкентке ұшқан АН-72 ұшағы Шымкент әуежайына 20 километр қалғанда апатқа ұшыраған. Ұшақ радардан жергілікті уақыт бойынша сағат 18:55-те жоғалып кеткен. Борттағы барлық 27 адам (7 экипаж мүшесі, 20 жолаушы) қаза болды. Жолаушылардың ішінде ҚР Шекара қызметінің директоры міндетін атқарушы полковник Тұрғанбек Стамбеков, оның орталық аппараттағы офицерлері және әскерлер болған.

CRJ-200 ұшағының апаты

2013 жылы 29 қаңтарда SCAT компаниясына тиесілі Bombardier CRJ-200 ұшағы Көкшетау-Алматы авиарейсінде Алматы облысындағы Қызылту елді мекеніне құлады. Борттағы 21 адамның (5 экипаж мүшесі, 16 жолаушы) барлығы қаза болды. Апатқа ауа райы мен экипаждың қателігі себеп болған. Экипаж көру мүмкіндігінің нашар жағдайында ұшу биіктігін негізсіз төмендеткен. Экипаждың негізсіз шешімі жер бетімен соқтығысуға алып келді.

600-N азаматтық тікұшағының апаты

2016 жылы 27 қаңтарда Астана уақыты бойынша 17.47-де Алматы облыстық ТЖД-ның Бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметіне 15.45-те Алакөл ауданындағы Үшарал қаласынан Талдықорғанға қарай ауруханаға "Аспан" акционерлік қоғамының меншігіндегі UP-MD 600-N азаматтық тікұшағының науқас баланы алып шыққаны туралы хабарлама келіп түскенін айтқан болатын. Тікұшақ бортында болған бес адам қаза тапқан.

Ми-8 тікұшағының апаты

2019 жылы 27 наурызда Қазақстан ҚК ӘҚК Әскери әуе күштерінің тікұшағы апатқа ұшырады. Қызылорда облысындағы Жалағаш ауданының маңында Ми-8 тікұшағы апаты салдарынан 13 әскери қаза тапқан. Төрт тікұшақ Ақтау қаласынан Шымкентке қарай бағыт алған еді. Ұшу түнгі уақытта метеорологиялық қиын жағдайда кешенді тексеріс және "Алтын жебе" арнайы бөлімшелерінің жаттығуы аясында іске асырылған.

Fokker 100 ұшағының апаты

2019 жылы 27 желтоқсан күні таңертең Bek Air әуе компаниясының Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Fokker 100 ұшағы әуелі радардан жоғалып кетті. Кейін 93 жолаушы мен экипаждың бес мүшесі мінген ұшақтың Алматы маңында апатқа ұшырағаны белгілі болды. Әуелі 15 адам қаза тапқаны хабарланды, кейін Ішкі істер министрлігі мен Алматы әкімінің баспасөз қызметі құрбандар саны 12 екенін және 68 адам жарақат алғанын нақтылады. 2019 жылдың 28 желтоқсаны жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.