Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
21 желтоқсан, 2024 / Перизат Ілес / Мәдениет

«Айбын» орденінің үш дәрежесі үш батырдың атымен аталмақ

Мемлекеттік наградаларға Сағадат Нұрмағамбетов, Бауыржан Момышұлы, Рақымжан Қошқарбаев есімдері берілді. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин айтты,- деп хабарлайды newsroom.kz

«Айбын» орденінің үш дәрежесі үш батырдың атымен аталмақ
Фото: Abai.kz

Ұлттық құрылтайдан кейін Парламентте талқылау өтіп, сәуір айында маңызды заң қабылданды. Нәтижесінде «Айбын» орденінің үш дәрежесіне Екінші дүниежүзілік соғыс батырларының есімдері берілді. Биылдан бастап күштік құрылымдардың өкілдері осы тұлғалардың құрметіне аталған ордендермен марапаттала бастады.

«Бұл үлкен тәрбиелік маңызы бар шешім.Одан басқа Талдықорған қаласындағы Қазақстанның Әуе қорғанысы күштерінің әуе базасына Кеңес Одағының екі дүркін батыры Сергей Луганскийдің есімі берілді. Келер жылы елімізде Әлия Молдағұлованың 100 жылдығы, Бауыржан Момышұлының 115 жылдығы атап өтіледі», -деді Е.Қарин.

 

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату