Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Мұхтар Сербаевтың мәліметінше, ПТР әдісімен 2131 науқас тексеріліп, 63 жағдайда А типті тұмау (H1N1 штаммы), яғни шошқа тұмауы анықталды, – делінген хабарламада.
Мәліметтерге сүйенсек, ауруға шалдыққандардың басым бөлігі – 14 жасқа дейінгі балалар мен жүкті әйелдер. Асқыну нәтижесінде пневмониямен 274 адам ауруханаға жатқызылды, оның ішінде 208-і – 14 жасқа дейінгі балалар, соның ішінде 43 нәресте бір жасқа толмаған. Аурушаңдық деңгейі 2,8 есеге артқан.
Айта кетейік, шошқа тұмауы (А типті H1N1 вирусы) адамнан адамға және жұқтырған жануарлардан берілуі мүмкін. Науқас екі аптаға дейін өзгелерге ауру жұқтыруы ықтимал.