Біз биыл арнайы Түркістан облысында осындай жобаны бастағанбыз. Бізде 30-дан астам ауыл елді мекенге енген. Түркістан қаласында ақсақалдар, бірқатар белсенді азаматтар осы бастаманы көтерген. Облыс орталығы құрылғалы бері инвестиция көлемі артты. Туристердің саны миллионнан аса бастады. Оның ішінде шетелдік туристердің саны 20 мыңнан аса бастады. Осы бойынша бізде қажетті инфрақұрылым жасалынды. Қонақ үйлер, бизнес орталықтары, және басқа да сервис қызметтері. Бизнес қауымдастықтар бұл мәселеге келген кезде екі ұдайы күйде. Себебі қонақтар, туристер келгеннен кейін оларға тиісті деңгейде сервистік қызметтер, өздерінің талап деңгейіндегі қажеттіліктерді біз беруіміз қажет деген сынды ол кісілердің тарапынан пікірлер бар. Бұл мәселе өзекті. Әлі де талқылау үстінде деп ойлаймыз,- деді Бейсен Тәжібаев.