Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
18 желтоқсан, 2024 / Перизат Ілес / Аймақтар

Алматыда 49 км болатын 11 көше кешенді түрде көркейтіледі

2025-2026 жылдары Алматыда 49,2 км ұзындығы 11 көше кешенді түрде көркейтіледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді,- деп хабарлайды newsroom.kz

Алматыда 49 км болатын 11 көше кешенді түрде көркейтіледі
Фото: newsroom.kz

Алматы ел бойынша жайлы урбан орта құрудың халықаралық стандартын енгізіп жатқан алғашқы қала.

«Әлемнің ірі мегаполистерінің озық тәжірибесі көшелерді «қасбеттен қасбетке дейін» кешенді көріктендіру тәсілі жайлы және заманауи қала ортасын құрудың ең оңтайлы шешімі екенін көрсетеді. Біз Алматыда осы халықаралық стандартты енгізудеміз, бұл тәсілді қолданатын Қазақстандағы алғашқы қала болдық», – деді Ерболат Досаев. 


Әкімнің айтуынша, бүгінгі күні Достық даңғылы (әл-Фараби даңғылынан Абая даңғылына дейін) және Пушкин көшесі (Гоголь көшесінен Райымбек даңғылына дейін) жобаларының ЖСҚ әзірлеу жұмыстары аяқталды. Құрылыс жұмыстары 2025 жылдың наурыз айында басталады (3,7 млрд теңге).

2025 жылдың ақпан айында Радостовец және Макатаев көшелерінің жобалау жұмыстары аяқталып, құрылыс-монтаждау жұмыстары 2025 жылдың мамыр айында басталады. 

2025 жылы Желтоқсан көшесінде (Байтұрсынов көшесінен Райымбек даңғылына дейін) ұзындығы 4,6 км және Райымбек даңғылында (Пушкин көшесінен Алтын Ордаға дейін) ұзындығы 17,2 км болатын екі жаңа BRT желісі салынып, көшелер «қасбеттен қасбетке дейін» қағидаты бойынша кешенді көріктендіріледі.

«Алматыбасжоспар» ЖШС-нің мәліметінше, жобалық жұмыстар аясында қалалық инфрақұрылымды кешенді жаңарту көзделген. Көшелер заманауи жаяу жүргіншілер жолдарымен жабдықталады, олар қала тұрғындарының қауіпсіз және ыңғайлы қозғалысын қамтамасыз етеді. Тротуарларда ыңғайлы орындықтар, беседкалар, қоқыс жәшіктері және жаңа жарықтандыру тіректері орнатылады.

Барлық жұмыс тұрғындар мен қала қонақтары үшін жайлылықты, экологиялық тазалықты және қалалық ортаның тартымдылығын қамтамасыз ететін заманауи көріктендіру стандарттары ескеріле отырып жасалады.