weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
18 желтоқсан, 2024 / Арайна Арайқызы / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Мүгедектік растау үшін пара алған: Шымкентте медбике ұсталды

Сыбайлас жемқорлықты Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің қалалық департаменті бөлім басшысының міндетін атқарушы мен қалалық емханалардың бірінде жұмыс істейтін медбике бірге жасаған

Мүгедектік растау үшін пара алған: Шымкентте медбике ұсталды
Kursiv.kz

Шымкент қаласы прокуратурасының мәліметінше, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің қалалық департаменті бөлім басшысының міндетін атқарушыға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады. Бұл туралы Newsroom.kz тілшісі BAQ.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Ол мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарынан мүгедектік топтарын белгілеу үшін жалпы сомасы 850 мың теңге пара алды деп айыпталуда. Пара ретінде берілген ақша қаражаты қалалық емханалардың бірінде жұмыс істейтін медбикенің көмектесуі арқылы алынған, - делінген ақпаратта.

Қазіргі уақытта қала прокуратурасы айыпталушыларды сотқа берді.

Конституцияның 77-бабы 3-бөлігінің 1)тармағына сәйкес адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі.

Мемлекет басшысы қойған негізгі міндеттердің бірі – халықтың әлеуметтік осал топтарына қолдау білдіру.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→