weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
17 желтоқсан, 2024 / Перизат Ілес / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстанның ірі қалаларында күн 15 градусқа дейін суытады деп болжанды

Астана, Алматы мен Шымкентте 17 желтоқсан күні ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті,- деп хабарлайды newsroom.kz

Қазақстанның ірі қалаларында күн 15 градусқа дейін суытады деп болжанды
Фото: Zakon.kz

Бүгін Алматыда күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы -3 градусқа дейін көтеріліп, түнде -13 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 2,8 м/с болмақ.

Астанада, синоптиктердің болжамынша, күн бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы -10 градусқа дейін жетіп, түнде -15 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 7,6 м/с болады.

Шымкентте бүгін күн ашық болады деп болжанып отыр. Күндіз термометр бағаны 6 градусқа дейін жетіп, түнде -13 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 2,9 м/с деңгейінде болмақ.