Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
14 желтоқсан, 2024 / Перизат Ілес / Әлем

Михаил Кавелашвили Грузияның президенті болып сайланды

Бүгін Михаил Кавелашвили Грузияның жаңа президенті болып сайланды,- деп хабарлайды newsroom.kz

Михаил Кавелашвили Грузияның  президенті болып сайланды

Оны парламент мүшелері мен жергілікті басқару органдарының өкілдерінен құралған 300 адамдық Сайлау алқасы таңдады. Бұл Грузия тарихында президентті бүкілхалықтық дауыс беру арқылы емес, осындай жолмен сайлаған алғашқы жағдай. Кавелашвили президенттікке ұсынылған жалғыз кандидат, себебі оппозиция қазан айында сайланған парламенттің заңдылығын мойындамай, сайлауға бойкот жариялады.

 Сайлау кезінде наразылық акциялары да болды. Жаңа биліктің қарсыластары Кавелашвилиді біліксіз деп айыптап, оның жоғары білімі жоқ екенін және үкіметтің еуроинтеграциядан бас тартқанына көңілі толмайтындарын айтты. Франция президенті Эммануэль Макрон Грузия билігін демократиялық құқықтарды қамтамасыз етіп, халықтың Еуропаға ұмтылысын құрметтеуге шақырды.

 Жаңа президенттің инаугурациясы 29 желтоқсанға жоспарланған. Алайда қызметінен кетіп жатқан президент Саломе Зурабишвили бұл сайлауды мойындамай, заңды парламент құрылғанға дейін өз орнында қалуға ниетті екенін мәлімдеді.