Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Қазақстанның Жапониядағы елшісі тағайындалды

Ерлан Баударбек-Қожатаев Қазақстанның Жапониядағы елшісі болып тағайындалды,- деп хабарлайды newsroom.kz

Қазақстанның Жапониядағы елшісі тағайындалды
Фото: Qazaqstan.tv

Бұл қызметті бұрын Сабыр Есімбеков атқарып келген.

Ерлан Кеңесұлы 1967 жылы Таразда дүниеге келген.Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде, М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Азия және Африка елдері институтында, сондай-ақ Жапонияның Кита-Урава қаласындағы Жапон тілі институтында білім алған.

Дипломатиялық қызметін 1992 жылы ҚР Сыртқы істер министрлігінде бастап, Азия және Африка департаментінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеген.

Қазақстанның Сингапурдағы, Аустралиядағы, Жаңа Зеландиядағы елшісі қызметтерін істеді.

2021 жылдан бастап Қазақстанның Грекиядағы елшісі болды.