Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
10 желтоқсан, 2024 / Перизат Ілес / Жаңалықтар

Пилоттық режимде блоктық бюджеттеу енгізіледі – депутат

Жаңа Бюджет кодексі қаражатты игеруге емес, нақты нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған. Бұл туралы Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Еркін Әбіл PRIMETIME бағдарламасында айтты,- деп хабарлайды newsroom.kz

Пилоттық режимде блоктық бюджеттеу енгізіледі – депутат
Фото: Inbusiness.kz

Енді жол салу, тұрғын үй салу, құрылыс жобаларын аяқтау сияқты нақты мақсаттардың орындалуына баса назар аударылады. Сонымен қатар, пилоттық режимде блоктық бюджеттеу енгізіледі. Бұл қаражатты мемлекеттік органдарға толығымен беруге, олардың ішкі ресурстарды тиімді пайдалануына және негізгі мақсаттарға жетуіне мүмкіндік береді,- деді Еркін Әбіл.