Бұл өзгеріс Жапония астанасы Токиода 2025 жылдың сәуірінен басталады,-деп хабарлайды Newsroom.kz тілшісі El.kz сайтына сілтеме жасап.
Жаңа тәртіп бойынша қызметкерлер аптасына үш күн демалуға мүмкіндік алады. Сонымен қатар, бастауыш мектептің алғашқы үш сыныбында оқитын балалары бар ата-аналарға жалақысының белгілі бір мөлшерінен бас тарту арқылы жұмыс күнін мерзімінен бұрын аяқтауға мүмкіндік беріледі.
Сондай-ақ Жапон үкіметі халық санын көбейту үшін ер адамдарға да әкелік демалыс беру сияқты бірқатар шараны қолға алмақ.