Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
9 желтоқсан, 2024 / Арайна Арайқызы / Жаңалықтар

Қытай шекарасын жаяу өтуге болады: Жаңа кеден бекеті ашылды

Абай облысында жаяу жүргіншілерге арнап Бақты кеден бекеті ашылды

Қытай шекарасын жаяу өтуге болады: Жаңа кеден бекеті ашылды
gov.kz

Бақты кеден бекеті арқылы жаяу жүргіншілер Қытайға өте алады,-деп хабарлайды Newsroom.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

"Бұл екі ел арасындағы байланысты нығайтып, саяхатшыларға қолайлы жағдай жасаумен қатар сауда айналымын арттыруға мүмкіндік береді", - деп жазылған өңір әкімдігі хабарламасында.

Салтанатты ашылу рәсіміне Мақаншы ауданының әкімі Дәурен Қойгелдин, Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Руслан Данияров, ҚР ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаментінің бастығы, полковник Асхат Ахметов қатысты. Қытай тарапынан Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының лауазымды өкілдері қатысты.